«Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 363 Қаулысы (2006.15.06. берілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

КСРО-да ӘБ экономикасы жүйесінің маңызды экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық сипаттары ол кезде қабылданған парадигманың іргелі қағидаттарынан туындалады: зияткерлікті қоса алғанда, қоғамдық тәртіппен жасалатын жекеменшіктің толық мемлекеттенуі; жабықтық және өз күшіне сүйену; дамудың мобилизациялық түрі және халық шаруашылығын үстем қаруландыру, қызметтердің барлық түрлерін, соның ішінде ғылыми-техникалық секторды идеологиялау. Мұның нәтижесінде ӘБ экономикасындағы ғылымдар мен өндірістер жүйесі бірегей сипаттарға ие болған.

Ұйымдастыру.

Ұйымдық-басқарушылық схема пайдаланған: ведомстволық ұйым және зерттеулер, әзірлемелер, өндіріс және қызмет көрсетумен айналысатын барлық субъектілермен орталықтандырылған басқару.

Негізгі субъектілер.

Тек ірі және өте ірі (жүздеген, ал кейде ондаған мың жұмыс істейтіндер) ғылыми-зерттеу, конструкторлық ұйымдар, тиісті министрлік немесе ведомствоның басқаруында (іс жүзінде толық бағынысты) тәжірибелік-экспериментальдік өндірістер болған. Ондай схемаларда бірінші кездерде инновациялық процестердің сызықтық моделі, яғни іргелі зерттеулердің (тиісті ҒЗИ-лерде) нәтижесінде туындаған жаңа білім жоспарлық тәртіппен қолданбалы ҒЗИ-лерге, КБ-ларға, тәжірибелік зауыттарға және әрі қарай жаңа өнім өндірісін ұйымдастыруға дейін жұмыс істеген.

Мұндай түрдегі инновациялық жүйеде (ИЖ) қабылданған қоғамдық парадигмада легитимдік (инновациялық процеске ресми енгізілген) инновациялық қызметтің шағын нысандары жоқ болды, яғни шағын инновациялық кәсіпорындарда да жалпы бизнес те жоқ болған.

Ынталар мен мотивацияны қоса алғанда басқару.

Жоспарлы экономикада инновациялықты қоса алғанда барлық процестер халық-шаруашылық жоспар параметрлеріне сәйкес орталықтан реттелген.

"Орталық" (Мемжоспар, министрлік, ведомство) технологиялар, өнімдер және қызметтер жаңаруының тәртібі мен құрылымын айқындаған және жоспарлы тәртіппен тиісті ұйымдарда олардың енгізілуін жүзеге асырған.

Енгізу міндеттерін іске асыруға орталықтандырылып, мемлекеттік ресурстар бөлінген.

Жекелеген өнер тапқыштар жасаған зияткерлік өнімге деген жеке меншік құқықтың болмауы инновациялық процесте қуатты мотивациялық иінтіректерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кейбір сапалы сипаттар.

Жалпы осы тип үшін барлық құрылымдардың, мысалы, зерттеулер мен әзірлемелердің тақырыптық құрылымдылығын қоса алғанда, аздаған бейілділігі мен белсенділігі тән. Бұл ХХ ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіптік дамыған елдер арасында пайда болған технологиялық инновациялық жарысуда ССРО-ның артта қалуының басты себептерінің бірі болған.

Жоспарлы экономика ынталарының жүйесін сапалыға зиян келтіре отырып, "жалпы" көрсеткіштерге (яғни қызмет мөлшерлері мен көлемдерінің сандық көрсеткіштері) бағыттау экономиканың инновациялық секторының тез өзгеретін қажеттіліктеріне септігін тигізудің шағын жылдамдығымен бірге осы заманғы құралдар, бірегей (жалпы емес) жабдықтың және с.с. ұдайы тапшылығына әкеліп соққан. Олар салыстырмалы арзан, соның ішінде зияткерлік еңбек ресурстарымен алмастырылған. Мұның нәтижесінде инновациялық процестің маңызды сипаты циклдің барлық кезеңдерінде еңбектің шамадан артық болуында. Бұл көптеген субъектілерде еңбек "балластың" пайда болуына жиі әкеліп соғатын.

Жоғарыда сипатталған ӘБ жүйесінің жекелеген (кейде бірегей) артықшылықтары бар. Мысалы:

мемлекетке қажет кең көлемді ғылыми-техникалық міндеттерді шешу үшін елеулі зияткерлік және материалдық ресурстарды шоғырландыру мүмкіндігі;

іргелі және іздеу зерттеулерін дамыту үшін ғылыми қауымдастықтың көзқарасы бойынша аса қолайлы экономикалық және әлеуметтік жағдайлар;

жекелеген күрделі міндеттерді өте аз қаражатпен шешу (арзан зияткерлік ресурстар есебінен).

Сол уақытта 80-ші жылдардың аяғына - 90-шы жылдардың басында инновациялық жүйенің әкімшілік-басшылық моделінің түзетілмес, имманентті бар кемшіліктері айқын көрінді. Олардың бастылары: жүйенің жабықтығы, көмескілігі және оның салдарынан - қоғамдық қажеттіліктер мен ғылыми-техникалық саясат арасында іс жүзіндегі байланыстың болмауы;

басқарудың тым орталықтандырылуы, жүйенің өте төмен бейімділігі мен бейілділігі, ресурстарды пайдаланудың төмен тиімділігі.

Мұның бәрі ғылымның, технологияның және жоғары технологиялық өндірістердің осы заманғы бағыттарында ССРО-ның артта қалуына, және ақыр соңында технологиялық жарысуда жеңілуіне әкеліп соқты.

Осыған байланысты кеңес өкіметінен кейінгі Қазақстанда қалыптасқан инновациялық жүйені өтпелі кезеңнің жүйесі деп есептеуге болады.

1992 жылдан бастап Қазақстанда шаруашылық етудің рыноктық моделіне көшу басталды. Екі маңызды саяси шешім іске асырылды - қоғамдық жүйенің ашықтығы және экономиканы мемлекеттің иелігінен шығару. Бір уақытта қабылданған мемлекеттік шешімдердің әсерінен де мемлекеттік емес субъектілер әрекетінің нәтижесінде де жаңа рыноктық типтегі ғылыми-өндірістік жүйе қалыптастырыла бастады. Инновациялық процестің негізгі субъектілерінің бірі - қазақстандық ғылым саласында елеулі өзгерістер болған. Өзгерістер мына сипаттамаларда болған:

Көлемі мен жалпы жағдайы.

Еңбек ресурстары және қаржылық қамтамасыз ету бірнеше есе қысқарылды. Зерттеулер майданы елеулі кеміді, бәсекелестікке қабілетсіздік себебінен тұтас бағыттар (және ұйымдар) жойылды. Жалпы жағдай: ғылыми және инновациялық қызметті мемлекеттік қаржыландырудың, қаржысыз рыноктардың шектеулілігі, дамымағандығы, технологиялық инновацияларға инвестициялауға дайын ірі фирмалардың жеткілікті санының болмауы, бастапқы капиталдың жетіспеушілігімен сипатталады. Оның нәтижесінде мұның бәрі инновациялық қызметті тоқтатып отыр.

Саяси және идеологиялық шектеулер.

Отандық ғылымның әлемдікке ықпалдасқандығы ашықтық қағидаты негізінен іске асырылған. Біздің мыңдаған ғалымдар мен инженерлер шетелде жұмыс істейді, халықаралық және бірлескен жобаларға қатысады. Ғылыми-зерттеу ұйымдары және жекелеген топтар шетелдік тапсырыс берушілер үшін ондаған миллион долларға жұмыстарды орындайды. Ғылымдағы идеологиялық кедергілер жойылды.

Заңнамалық база.

Заңнамалық базаның негіздері жасалған, алайда оны шешу үшін жаңа заң және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді жасау, сондай-ақ барын нақтылау қажет өзекті мәселелердің топтары бар. Мысалы, оларға: инновациялық қызмет; бюджеттік қаражатқа жасалған зияткерлік жекеменшік; ғылым мен білім берудің ықпалдасуы және басқалар жатады. Жалпы жанама реттеу (салық, кедендік, амортизациялық) жоғары технологиялық салаларға қатысты нейтральді, индустриялық-инновациялық стратегияны қабылдау жағдайында ынталандырғыш болуы тиіс.

Ұйымдық құрылым.

Ғылымның ұйымдық құрылымы баяу болса да өзгерілуде: ескі ғылыми ұйымдардың көлемдері елеулі (есе) азайған, бұл басқарудың бейімділік пен сапасын көтерді. Негізі қолданбалы мемлекеттік емес ғылымның және шағын инновациялық бизнестің жаңа секторлары пайда болды.

Сапалық сипаттамалар.

Приборлармен және жабдықпен қамтамасыз ету жақсарған, бірақ күшті мен әлсіз арасында дифференциация өскен. Ғылым елеулі ескірген, алайда соңғы үш жылда жастардың жаратылыстану-ғылыми және техникалық жобаларға деген мүддесі өскен. Ғылым мен білім беру өте баяу жақындасады. Осы мәселені шешу отандық іргелі ғылымның жандануы және қолданбалы ғылымды дамыту процесіне сапа жағынан жаңа әсер беруі мүмкін.

Сирек жағдайларды қоспағанда, ғылымдағы менеджмент жаңа экономикалық реалияларға мүлдем сәйкес келмейді. Университеттерде және ғылыми ұйымдарда инновациялық мәдениет жоқ. Жаңалықтарды жасау басым жағдайларда қоғамдық қажеттіліктер мен сұраныстан емес ғылымның дамуы логикасы тұрғыдан жүргізіледі (яғни "технологиялық серпін" ұстанымы басым).

Бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылады. Оның себептердің бірі - қаржыландырудың ескірген тетіктері (базалық қағидат) және ғылыми қызметті ұйымдастырудың көнерген жүйесі, онда бұрынғыдай кеңестік түріндегі дәстүрлі ведомстволық институттар көп. Бұл ретте өндірістік-технологиялық және ақпараттық инфрақұрылымдар дамымаған, ал көптеген процестер тым бюрократталған (лицензиялау, сертификаттау, патенттеу). Мұның бәрі, қазіргі уақытта Қазақстанда өтпелі типтегі инновациялық жүйенің жұмыс істеуінде, онда рыноктық экономикаларға сәйкес ескі әкімшілік-басшылық және жаңа инновациялық жүйенің элементтері біріктіріледі. ИЖ әкімшілік-басшылық бөлігіне бар институттар да және биотехнология саласының ұйымдары да жатады.

Рыноктық ИЖ өнеркәсіп пен қызметтер көрсету ("фирмаішілік ғылым") жеке секторының ғылыми-техникалық ұйымдарын; шағын инновациялық кәсіпорындарды; көптеген мемлекеттік емес коммерциялық емес ғылыми, консалтингтік және басқа да орталықтарды жатқызуға болады. Осыған шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғылыми диаспораның әлеуеті де жатады.

Барлық осы ИЖ субъектілері рыноктық экономиканың ұйымдық және жүйелік қағидаттарының негізінде жұмыс істейді. Оның үстіне олардың жартысы іс жүзінде ғаламдық инновациялық жүйенің элементтері болып табылады.

Қазақстандық ИЖ "жаңа" бөлігінде (рыноктық) едәуір өткір, айқын мәселелер: шағын инновациялық кәсіпорындардың сынды ортасының және қажет инновациялық инфрақұрылымның жоқтығы болып табылады.

"Ескі" биотехнологиялық ғылымдағы ең өткір мәселе "ұйымдардың барлық жүйесін қолдау" қағидаты бойынша қаржыландыратын кеңестік түріндегі институттардың сақталуы болып табылады. Бұл ғылымда бұрынғыдай тиімді даму стратегиясы емес "жұмыс орындарын сақтау" стратегиясы іске асырылады.

 

§ 5. Қазақстанда және әлемде биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық

әзірлемелерді коммерциялау өсіміне кедергі болатын мәселелерді талдау

 

Биотехнология іргелі зерттеулермен алынатын жаңа білімді экономиканың әртүрлі салаларының дамуына ықпал ететін капиталға жылдам айналдыруға мүмкіндік береді. Жаңа өндірістерді жасау немесе жаңғыртуда биотехнологиялық тәсілдерін қолдану қаржылық және өзге де ресурстардың тиімділігін елеулі арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өндірісте биотехнологияның ең жаңа жетістіктерін пайдалану өте жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биотехнологиялар көптеген жағдайларда дәстүрлі технологияларға қарағанда едәуір тиімді және ресурс сақтайтын болып табылады. Бірақ олар олардан өте ерекшеленетіндіктен енгізу тек ұзақ мерзімді перспективада күтуге болады.

Технологияларды коммерциялау ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тауарға айналдыру және өнеркәсіптік көлемде оларды тиімді сатып алу процесі болып табылады. Осыған байланысты басқа елдермен салыстырғанда жалпы инновациялық қызмет және ғылымды коммерциялау көрсеткіштерін қарастыру қызықты.

Жалпы түрде әлемдік технология кеңістігінде Қазақстанның орны екі көрсеткіштер тобы - "кіру" - яғни ғылымды қажетсіну деңгейі және "шығу" - тиімділік және бәсекелестікке қабілетті көрсеткіштерімен сипатталады.

 

Ғылымды қажетсіну және инновациялық даму деңгейі бойынша

Қазақстанның әлемдегі орны

 

                                                      10-кесте

  

ЖІӨ-де зерт-

теулер

мен әзірле-

мелерге арнал-

ған шығыс-

тар үлесі (%)

Зерттеу-

лер және

әзірлеме-

лермен

айналы-

сатын ғалымдар мен инженер-

лер саны

(10000 халыққа)

Бәсеке-

лестікке

қабілет-

ті өсімі-

нің

ағымдағы

индекс GCI (әлем-

дегі орны)

Тауар экспорт

-ында

жоғары техноло

-гиялық

өнімнің

үлесі (%)

Әлемдік экспорт-

та ақпара-

ттандыру

жабдығы-

ның үлесі

(%)

Еңбек өнімді-

лігі, бір қамтыл-

ғанға мың долл. ЖІӨ

АҚШ

2,69

41,0

2

32

13,0

73,1

Қытай

1,00

5,5

44

20

71

7,2

Жапония

2,98

51,0

11

26

9,7

56,0

Үндістан

1,23

1,6

56

6

0,07

4,9

Германия

2,48

31,6

13

18

4,8

56,0

Франция

2,15

27,2

26

23

3,4

56,5

Ұлыбри-

тания

1,87

26,7

15

31

5,3

54,5

Италия

1,04

11,3

41

10

1,1

56,5

Ресей

1,00

34,8

63

8

0,04

18,0

Қазақстан

0,26

11,5

87

0

0,00

5,7

Канада

1,84

29,9

16

15

1,2

60,0

 

Ескерту: GCI - Growth Competitiveness Index - Бәсекелестікке қабілетті өсімінің индексі - жаңа білімдер мен технологиялар негізінде келесі бес жылдың ішінде ұлттық экономикалардың серпінді өсуіне қабілеттілігін айқындайды.

авторы: Дынкин А. Ресейде және әлемде білімдер экономикасы //http://fp6.csrs.ru/news/data/dynkin.doc,

Қазақстан бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері пайдаланылған.

Берілген деректерге қарағанда, Қазақстанда инновациялық қызмет және технологияларды коммерциялау көрсеткіштері - ең төменгілердің бірі. Тауар экспортында жоғары технологиялық өнім және ақпараттандыру жабдығының болмауы халықаралық рынокта отандық инновациялық жүйенің жоқтығы немесе бәсекелестікке қабілетсіздігі туралы куәландырады. Басқа жағынан, қазіргі уақытта әлемнің дамыған елдермен салыстырғанда ҒЗТКӘ нәтижелерін алу мен оларды коммерциялау арасында үлкен айырылыс бар. Осындай жағдайдың себептері жоғарыда қаралған осы заманғы қазақстандық инновациялық жүйенің жалпы сипаттарынан шығады.

Биотехнология саласы, кез келген ғылыми идея өз дамуында идеядан өнімге дейін мына кезеңдер арқылы өтеді:

Іргелі ғылым;

Қолданбалы ғылым;

Кең көлемді экспериментальдік өндіріс;

өнеркәсіптік өндіріс, инновациялық жүйені дамытуда Қазақстанның артта қалуының ең айқын көрінісі болып табылады.

Бұл ретте, бір жағынан, республикада биотехнологиялар жарияланбаған, тұтынушылар мен бизнесмендердің кең қоғамдарына белгілі емес, ғылыми және ведомстволық қоғамдарда талқыланады. Екінші жағынан, олар тиісінше дамымаған және отандық және халықаралық рыноктар іс жүзінде қажет ететін тиісті әзірлемелер жоқ.

Сондықтан биотехнологиядағы отандық әзірлемелердің бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылымнан бастап өнімді өндіруге дейін бүкіл процесті коммерциялау үшін жағдайлар жасау маңызды болып табылады.

Қазақстанда жоғары технологиялық бизнес және технологияларды коммерциялау саласында жұмыс істейтін шетелдік мамандар бірінші кезекте мынадай кедергілерге назар аударады:

білікті менеджерлердің жетіспеушілігі;

сыбайлас жемқорлық және оның салдарынан - қазақстандық компаниялардың жабықтығы;

инновациялық қызметті дамыту және экономиканың шикізаттық емес секторларға инвестициялар үшін ынталандырмайтын салық режимі;

тар (технологиялық) және кең (жолдар, әуежайлар, коммуникациялар, визалық режимнің қанағаттанарлық емес қалпы) мағынада техникалық инфрақұрылымның жоқтығы.

Осыған байланысты биотехнология саласында ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерциялау өсіміне кедергі жасайтын мәселелер мысалдарын талдау үшін дамыған елдер тәжірибесін қарастырайық.

Биотехнологияларды қолдану көптеген ұлттық және халықаралық ережелермен реттеледі, олар бұл сала үшін белгілі бір мүмкіндіктер де, қиыншылықтар да жасайды. Осылайша, Еуропалық одақ, өзін сақтау үшін, генетикалық модификацияланған ауыл шаруашылығы дақылдарын үлкен аумақтарда коммерциялық өңдеуге ұзақ мерзімді ғылыми мониторингін белгілеуді жоспарлайды. ЕО болжамдарына сай ондай мониторингінің нәтижесінде мұндай дақылдардың адам денсаулығына да, қоршаған орта үшін де зиянсыздығы дәлелденуі тиіс. Германияда генетикалық өзгерген өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдерді зиянсыздыққа тексеріс 5-тен 6 жылға дейін жалғастырылуда.

Биотехнологияны кеңінен пайдалану қиындықтары ауыл шаруашылығында биотехнологиялық әдістерге тұтынушылардың сенімсіздігіне (негізінен Еуропа елдерінде) байланысты.

Біздің ел жағдайында қазақстан халқы биотехнологияға қатысты толық белгісіздік күй кешуде. Бұл ретте биотехнологиялық өнімнің зияндығы-зиянсыздығы мәселелерде отандық сарапшылардың біліктілік деңгейі күмәнді.

Барлық өнеркәсіптік дамыған елдерде биологиялық өнеркәсіптің жұмыс істеуі мемлекеттік зерттеу бағдарламалары шеңберінде кейіннен нәтижелерді жеке сектордың коммерциялауымен өтеді.

Ондай саясаттың нәтижелері бойынша экономикалық дамыған елдерде мемлекеттік-жеке инновациялық серіктестік жүйесі қалыптасқан, мұнда мемлекеттік өкімет және бизнес тең құқылы серіктестер ретінде өзара бір-бірін толықтырады. Мемлекет, инновациялардың көзі болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және білім беру жүйесін қолдай отырып, кәсіпкерлікті ынталандыруға қолайлы жағдай және орта жасайды, ал бизнес инновациялық өнімнің рыногында жұмыс істеудің барлық коммерциялық қатерін өзіне алады. Мемлекет салық жинаудан және әлеуметтік мәселелерді шешуден өз пайдасын, ал бизнес - өз кірісін алады.

Біздің ел жағдайында биотехнология саласында бизнесті қалыптастыру және дамыту үшін өзін-өзі реттейтін бизнес орта қалыптасқан жоқ. Негізінен мемлекеттік қаржыландырудың арқасында қызмет ететін дәстүрлі ҒЗИ және кәсіпорындар ұсынылған. Орта және шағын бизнесті тиісті тартылуы жоқ.

Биотехнологиялық өндірістер - бұл ғылымды қажетсінетін өндірістер. Жаңа технологиялық тәсілдер, жаңа штамм-продуценттерді ғылыми әзірлеусіз кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігін тез жоғалтады.

Қазіргі кезде кәсіпорындар үшін мемлекеттік қаражат есебінен жасалған және мемлекеттік иелігіндегі ғылыми әзірлемелерге қол жеткізу қиындатылған. Ондай әзірлемелерді қажетті инновациялық компанияларға және өнеркәсіптік кәсіпорындарға бюджеттік қаражат есебінен жасау және қазіргі кезде пайдаланбайтын патенттелген әзірлемелерді өз өндірісінде тегін пайдалану құқығын беруге дейін өндіріске енгізудің айқын және нақты құқықтық тетігі қажет.

Тиісті алғышарттарды жасаумен бұл тәртіптен бас тартуға болады.

Ендігі мәселе елде биотехнологиялық инновациялық компаниялардың іс жүзінде жоқтығы болып табылады. Қазақстанның жағдайында өз базасында отандық бизнестің пайда болуына және дамуына мүмкіндік бере алатын биотехнология саласындағы мемлекеттік инфрақұрылым мен ғылым жоқ. Оларды жасау және қолдау да мемлекеттік іс-шаралар жүйесі қажет.

Биотехнологияны қалыптастыру және дамыту мақсатында биотехнология рыногы әрекет ететін АҚШ-тан басқа барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де (Батыс Еуропа, Жапония) мемлекеттік даму бағдарламалары қабылданған.

Осыған байланысты биотехнологияны дамытуға арналған мемлекеттің ықпал ету бағыттары екі аспектіде айқындалуы тиіс:

- ҰБО базасында мемлекеттік инфрақұрылым мен ғылымды жасау және дамыту;

- Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, биотехнология саласына жеке бастама және капиталды тарту, соның ішінде отандық және шетелдік ғылымды пайдалану және енгізумен мемлекеттік, өндірістік және қаржылық инфрақұрылымға қол жеткізудің жағдайларын жасау.

 

 

2. Ұлттық биотехнология орталығын әрі қарай дамытудың мақсаттары мен міндеттері.

Ұлттық биотехнология орталығы миссиясы

 

Ұлттық биотехнология орталығын әрі қарай дамытудың мақсаты Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметті басқарудың жаңа әдістерінің негізінде жұмыс істейтін, әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу мекемелеріне тән өзін-өзі басқару және экономикалық жеткіліктілік қағидаттарына негізделетін бәсекелестікке қабілетті, биотехнология саласындағы әлемнің ең жоғары стандарттарына сай ғылыми-зерттеу мекемесін қалыптастыру болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстандағы биотехнологияның қарқынды дамуы үшін Ұлттық биотехнология орталығы мынадай міндеттерді орындауы тиіс:

жаңа ғылыми стандарттар және ғылыми мәдениет орнату;

биотехнологиялық өнімнің жаңа нұсқауларын әзірлеу және өндіріске енгізу;

отандық және озық шетелдік әзірлемелер енгізу есебінен биоиндустрияның дамуына жәрдемдесу;

әлемдік ғылымға ықпалдасу жолымен ғалымдар арасында бәсекелестік ортаны жасау;

ғалымдар және биотехнология саласындағы жоғары білікті мамандардың жаңа буынын жоғары қарқынмен тәрбиелеу;

инновациялық процесті коммерциялау, сыртқы биотехнологиялық рынокқа алдын ала бағытталған ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу;

ҒЗТКӘ-нің бәсекелестікке қабілеттілігі арқылы отандық та шетелдік те мемлекеттік емес қаржыландыруды тарту;

биотехнология саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін қолайлы заңнамалық, инвестициялық, инфрақұрылымдық бизнес ортаны жасау;

отандық та, шетелде де шығарылған биотехнология өнімін тұтынуға жіберудің стандарттарын, ережесін және жағдайларын әзірлеу және енгізу.

Осы міндеттерді орындау үшін бірінші кезекте халықаралық стандарттар деңгейінде ҒЗТКӘ үшін жағдайлар жасау және отандық биотехнологияны дамыту, сондай-ақ басым бағыттар бойынша жүйелік зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелден әлемдік атаққа ие ғалымдарды тарту қажет.

 

Ұлттық биотехнология орталығының миссиясы

 

Орталықтың миссиясы биотехнология саласындағы ғылымды қажетсінетін әзірлемелерді жасау, отандық өнеркәсіптік өндіріске жаңа технологияларды енгізу және оларды халықаралық рынокқа жылжыту.

 

3. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі тетігі ретінде

биотехнологиялар саласындағы мемлекеттік саясат

 

Қазақстанда биотехнологияны қарқынды дамыту үшін импорт және озық шетелдік жетістіктерді (Жапонияның тәжірибесі) енгізумен қатар мыналарды ескере отырып, өзіндік қағидаттық жаңа және зияткерлік технологияларды әзірлеу қажет:

инновациялық өзгерістерді идеологиялық, әкімшілік және қаржылық қолдауға мемлекеттің дайындығын;

республиканың сақталған ғылыми-техникалық әлеуетін;

халықтың білімділігі, республикадағы реформаланатын білім беру жүйесі, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы арқылы әлемнің жетекші ЖОО-ларында мамандарды даярлаудың жоғары пайызын;

республиканың тиімді геополитикалық жағдайын;

тарихи отандармен этникалық байланыс арқылы мысалы технологиялардың өзара әрекеттесу және алмасуға мүмкіндік беретін көп ұлтты мәдениет, этноаралық келісім мен тұрақтылықты;

ынтымақтастық және жергілікті мамандар және ғалымдармен қамтамасыз ету үшін өз технологияларын ашуға дайын инвесторларды іріктеуге мүмкіндік беретін жоғары инвестициялық тартымдылығы.

Мемлекет отандық биотехнологияны қалыптастыру және дамыту мәселесінде белсенді ұстанымға ие болуы тиіс, өйткені "рыноктық күштер" мұнда жұмыс істемейді. Рыноктың өзі инвесторларды бүгінгі күні ең пайдалы шикізаттық секторлардан кетіп, еркін капиталдардың жоғары қатерлі және өтімділік мерзімдері ұзақ секторларына көшуіне мәжбүр ете алмайды.

Жоғары технологиялар мен инновациялар экономикасына көшу елде жаңа білімдерді өз тұтынушыларын ұлттық және ғаламдық рыноктарда табатын жаңа технологияларға, өнімдер және қызметтер көрсетулерге айналдыратын тұтастай жүйенің қалыптасуын талап етеді. Осыған байланысты ғылыми-техникалық саясаттың негізгі мақсаттары өмір сапасын арттыруға бағытталған зерттеулерді дамыту, жоғары технологиялардың өнімін экспорттауға, экономиканың шикізаттық бағдарлығын технологиялық, ал технологиялықты - зияткерлік-ақпараттыққа ауыстыруға бағытталған ғылымды қажетсінетін ресурстар сақтайтын және экологиялық таза өндірістерді әзірлеу және бұл мақсаттар үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Оларды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

ғылым және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру жүйесін, нормативтік-құқықтық базаны, соның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оларды конкурстық іріктеу және нәтижелерін іс жүзінде игеру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және басқа да салаларда жетілдіру;

іргелі зерттеулерді жетілдіру;

экономиканың базалық салаларының қажеттіліктерін ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге қолданбалы зерттемелердің бірінші кезекті бағытталуы;

"зерттемелер - әзірлеу - өнеркәсіптік игеру" тұтас ғылыми-өндірістік циклға көшуге ықпалдасатын жаңа ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру, инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

ғылымды қажетсінетін өнімді шығаратын жаңа импорт алмасатын (экспортқа бағытталған) технологияларды әзірлеу өзіндік тәжірибелік-эксперименталдық және өндірістік-техникалық базаны әрі қарай нығайту (қайта құрастыру, техникалық қайта құру) және дамыту;

ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектілерін қызметтің профилін сақтаумен қайта құрастыру және жекешелендіру;

ғылымды қажетсінетін өндірістерді ұйымдастыру және дамыту үшін инвестициялар тарту, ресурс сақтайтын және экологиялық таза технологияларды енгізу;

шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы рыноктық инфрақұрылымның элементтерін қалыптастыру және дамыту;